26 Шілде 2024
Жаңалықтар

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА бүгінгі күннің басты міндеттеріне назар аударды

Мемлекет үшін бастысы - адамдардың қауіпсіздігі. Жұмысты үйлестіруде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қажетті қолдау көрсетуге басымдық берілуде, оның ішінде: эвакуациялау; уақытша тұратын орын-жаймен қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсету; азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу; психологиялық көмек көрсету.

Қазіргі басты міндет – су тасқыны кезеңін еңсеріп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетіледі, барлық шығын өтеледі және толық жабылады.
Мемлекет су тасқынының зардаптарын жою бойынша қарқынды шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Елде қалыптасқан жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Ия, халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын және рухтың беріктігін сақтау бүгін баршамыз үшін маңызды!

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-kasim-zhomart-tokaevtin-su-taskini-saldarinan-kaliptaskan-auir-zhagdayga-baylanisti-undeu-264c49/

Пайдалы ақпараттық ресурстар